ЖОБА
Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындар тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңының 17-2-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қоса беріліп отырған Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі А. Шаменов
Қызылорда қаласы әкімдігінің
2023 жылғы «__» маусымдағы № қаулысына қосымша
Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындар тізбесі
1. Қызылорда қаласы, Қазбек би және Қазантаев көшелерінің қиылысы;
2. Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі №4 /есік базар аумағындағы, мечта сауда орталығының алды/.
3. Қызылорда қаласы, Абай даңғылы №40 /бұрынғы универсам сауда орталығының маңы/.
4. Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі бойындағы № 24 үйдің қасы.
5. Қызылорда қаласы, «Смол» сауда үйінің аумағы.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!