Марафоншы Марат Жыланбаевтың рекордына 30 жылда ешкім жете алған жоқ.
Әлемдегі №1 супер марафоншы Марат Жыланбаев 1963 жылдың 19 тамызында Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының Талды елді мекенінде дүниеге келген.
Марат Жыланбаев – 1,5 жыл ішінде Азия, Африка және Америкадағы ең ірі шөлді жүгіріп өткен әлемдегі жалғыз адам. Европадағы теңіз деңгейінен 5642 метр биікте орналасқан Эльбрус шыңына марафондық 4 күн жүгіріп бағындырған әлемдегі жалғыз адам.
Гиннесс рекорд кітабына Мараттың 7 рекорды жазылды:
І. 1990 ж. 6 қазан – 1991 ж. 5 қазан аралығындағы бір календарлық жыл (365) ішінде 42 км 195 метрлік классикалық марафонды 226 рет жүгіріп өтті.
ІІ. 1991 ж. 2-24 наурыз аралығындағы 23 күн ішінде 24 классикалық марафонды жүгірді.
ІІІ. 1991 ж. 1-15 маусым аралығында 15 күн ішінде 30 классикалық марафонды (4 сағат 00 минут. 54 секунд) жүгіріп өтті. (күніне 2 марафон).
ІV. 1992 ж. 2-22 сәуір айында Азиядағы 1200 шақырымдық Қарақұм шөлін 20 күнде жүгіріп өтті.
V. 1993 ж. 25 ақпан – 23 наурыз аралығында Африкадағы 1700 шақырымдық Сахара шөлін 24 күн ішінде жүгіріп өтті.
VІ. 1993 ж. 24 қараша – 13 желтоқсан аралығында Австралиядағы 1600 шақырымдық Виктория шөлін 20 күнде жүгіріп өтті.
VІІ. 1994 ж. 1-19 сәуір аралығында Америкадағы 1218 шақырымдық Невада шөлін 17 күнде жүгіріп өтті.
Бақытжан Абдуллаұлы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!