Бір күні ағайынды үшеуі бірге келе жатып шұңқырда бұғып отырған БАҚЫТқа кез болып қалады.
Ағайындылардың үлкені шұңқырға жақындап барып, Бақыттан ақша сұрапты. Бақыт оны көп ақшалы болдырып, ол қуана-қуана кетіп қалады.
Екіншісі сұлу бойжеткенмен бас құрағысы келетінін айтқанда, арманы дереу орындалып, ол да қуана-қуана өз жолына түсіп кетіп қалады.
Ал ең кішісі шұңқырға қарай еңкейген кезде,
– Сізге не керек, қымбаттым? – деп сұрапты Бақыт.
– Егер саған бір нәрсе қажет болса, мен сол нәрсені істеймін, – депті кішісі.
– Олай болса, мені осы шұңқырдан шығаршы, – депті Бақыт.
Кіші інісі қолын созып, оны шұңқырдан шығарыпты та, өз жолын жалғастырыпты.
Бақыт оған өмір бойы еріп жүрген екен…
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!