Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Балаңызды үздік мектепте оқытудың 3 себебі

02.02.2020, 17:17 622

Мен кенттегі қарапайым мектепте оқимын. Бастауыш бітірген сәтте “Дарын”, “Мұрагер” сияқты мектептерге оқуға түскім келген. Бірақ, ата-анам: “оқитын бала қайда болса да оқиды” деп, тіпті тапсырып көруіме мүмкіндік бермеді. Сол кездегі өкініш, реніш әлі бар. Қазір “сол мектептердің бірінде оқысам, басқаша болар еді-ау” деп жиі ойлаймын. Сондықтан, балаңызды үздік мектепте оқытқанның 3 себебін жазып көрмекпін.

1. Балаңыздың араласатын ортасын дұрыс қалыптастырып бересіз. Мұндай мектептерде кез келген бала оқымайтыны белгілі. Балаңыздың күнде араласып, сөйлесетін ортасынан қорықпай-ақ қоюыңызға болады. Адамның дұрыс қалыптасуы үшін араласатын ортасының 40% маңызы бар екені психологияда дәлелденген. Сондықтан, ең бірінші әрі ең маңызды себеп – осы.

2. Шет тілін тегін меңгеру мүмкіндігі. Қазіргі таңда бұл – заман талабы. Сол себепті де шет тілін үйрену курстары өте көп. Соған сай, біраз қаражат талап ететіні де белгілі. Ал, осы мектептерде сіздің балаңыз тегін бір емес, бірнеше шет тілін меңгереді. Мысалы, “Білім-инновация лицейінде” ағылшын мен түрік тілін өте жоғарғы деңгейде меңгеріп шыға алады. Өте ыңғайлы әрі тиімді.

3. Балаңызға көп есіктер ашылып, үлкен мүмкіндіктер болады. Үздік мектептерде жай мектепке қарағанда мүмкіндіктер көп екенін мойындаңыз. Балаңызға болашақта қажет болатын көптеген есіктер ашылады. Көптеген жарыстарға қатысуға мүмкіндік алады. Атақты адамдармен кездесулер де осы мектептерде жиі өтіп тұрады.

Әр ата-ана баласымен мақтанғысы келетіні хақ. Ал, балаңызбен мақтану үшін ең бірінші әрі маңызды қадам – дұрыс мектеп таңдап беру. Осы қадамды жасауда қателеспеңіз. Балаңыз ең үздік, ең жақсы мектепте оқу үшін барлығын жасаңыз. Қазақстандағы үздік мектептер тізімін желіден тауып алыңыз, таныстарыңыздан сұрастырыңыз, ізденіңіз. “Оқитын бала қайда болса да оқиды” деген таптаурынды ұстанудан сақ болыңыз.

(Массагет.kz-тен алынды.)

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: