Бүгін Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеяның 25 жылдығына арналған «Ассамблея – ұлттардың ұйытқысы»атты мерекелік кеш өткізілді.
Бейбітшілік пен ұлттар арасындағы достықты ерекше бағалайтын елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясы – келісім мен ізгіліктің символына айналғанын жас ұрпаққа ұғындыру мақсатында ұйымдастырылған мерекелік шарада №12 І.Қабылов атындағы IT-мектеп-лицейінің, Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің, Абылайхан атындағы № 140 орта мектептің, А.Байтұрсынов атындағы №211 орта мектептің, С.Сейфуллин атындағы №4 It мектеп – лицейінің, «Alif» көпсалалы оқу орталығыныңоқушылары қатысты.
Шараға қатысқан балалар М.Омарованың «Көмбе нанның дәмі» драмасынан қойылым қойып, мерекеге арнап өлеңдер оқып, Қазақстан халықтарының тілдерінде әндер мен мың бұралған билер орындады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!