Күні бойы егіс даласында шаруамен айналысқан ана кешкісін үйіне әзер қайтып, ештеңеге шамасы келмей жата қалды. Аздан кейін оразасын ашуға оянып, беті қолын сол мезетте жуып, дұғасын қайырды. «Ар жағына ел қонып», енді ғана әл жинап, әлжуаздығынан арыла бергенде кеш қарайып, «түн түсті». Басын көтеріп, даланы бір аралап, түнгі ұйқыға кірісіп, жата бергенде жарықты «жарқ» еткізген біреуді көріп, бозарды да қалды. Әйелдің бар байқағаны: ақ шашты, қысқа денелі, белгісіз қызды көріп, айқайлап жіберді. Тіптен елеске де ұқсатып үлгерді. 5 жыл бұрын шетінеген қызы сағынып келді ма екен деп, көзінен жас шықпастан жылай жөнелді. Артынша әлгі қыз да далаға қашып шығып көзден ғайып болды. Тіптен болмысы анық емес…
Соның барлығы 2 секунд уақыт аралығында болды. Апыл-ғұпыл киіне беріп, далада отырған бала-шағасына асықты. Ана бойын қорқыныш билеп, өңі қашып, өз-өзіне келе алмай тұрғаны сол еді, әлгі ұлдары үйге жүгіріп келіп, мән-жайды сұрай жөнелді. Елес көріп, есінен тана жаздағанын айтып, оны жақсылыққа балауды ұйғара бастағанда «мама, ол мен ғой» деп, тентек кенже ұлы сабырға шақырды. Әлі де сенбей, «жоқ ол өте бөтен қыз болды, денесі жарқырап, ақ шашымен адамға қорқыныш туғызатын бейнеде болды» деп көргенін жоққа шығармай таласты. Кенжесі далада жайылып тұрған ақ көйлегін басына орай салып, үйіне апармақшы болып, үйге кіріп, жарықты қоса бергенде анасының дауысынан қорқып, сыртқа жүгіре жөнелгенін мойындады. Ізінше барлығы тынышталды.
Десе де, ананың есінен әлгі «ақ шашты елес» ұзаққа дейін кетпей, тыныштығын алды. Мұның барлығы қатты шаршаудан болуы да мүмкін, бәлкім елес те шығар, кім білсін?!…
(болған оқиға)
Ердәулет СӘРСЕНҰЛЫ
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!