Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Абай – қазақтың темірқазығы

25.03.2020, 14:29 2291

Биыл қазақ халқының ұлы ақыны, ойшыл, философ Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толды. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласында Абайды әлем жұртшылығына таныстыру қажет деп атап өтті. Яғни, Абайдың өлең жырларын, қара сөздерімен танысып, зерделеуіміз керек.

Абай – либералды білімді Исламға таяна отырып, орыс және Еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. Абай мәңгілік ғылымның сырын ұқ, мәңгілік ілімнің сырына терең бойла деп сыр төкті.

«Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім.

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма» – деп ақын ұлттың ертеңін ойламас жұрттың сынымен алысты. Халқын түзету арқылы мәңгілік ел болуға жеткісі келді. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды. Ақынды қатты алаңдатқан жағдайлар қазақтардың жаппай кедейленіп, қайыршылық халге түсе бастауы, патша үкіметі шенеуніктерінің шектен шыққан озбырлығы, жергілікті болыстардың парақорлығы мен қанағатсыз пайдакүнемдігі болды. Ол өзінің өлеңдерінде жақын туыстарына көмек қолын созбайтын сараң байларды сынап, қазақ қоғамын ерінбей еңбек етуге шақырды. Өзінің кейбір замандастарының бойындағы жаманшылық мінездерді – жалқаулықты, еңбексіздікті, көрсеқызарлықты, алтыбақан алауыздықты, надандықты жеріне жеткізе әшкереледі. Кедейшіліктен құтылудың бір тәсілі егіншілікпен айналысу, қолөнер кәсібін және сауда-саттық жасауды үйрену екенін айтты. Ол былай деп жазды: «Егіннің ебін, Сауданың тегін, Үйреніп, ойлап, мал ізде». Оның басқаша ойлауы мүмкін де емес еді. Абай қазақ елін мәңгі болу үшін мал өсірумен қоса сауда жасауды, белгілі бір кәсіп түрімен шұғылдануды үйрену қажеттігіне баса назар аударды.

Абай халыққа жаны ашымайтындарды жек көрді, байлардың қарапайым халыққа менсінбей қарауы оның ашу-ызасын келтірді. Қоғамды прогресшіл түрде дамыту жолдарын үнемі іздестіріп отырды. Абай ел басқаруға халық үшін қызмет ететін, адал адамдар сайлануы тиіс деп есептеді. Ол өз төңірегіндегі адамдардың, жақындары мен шәкірттерінің бойындағы өз халқына риясыз берілгендікті, оның мүдделерін қорғау қасиеттерін қолдап отырды. Ұлы ақын жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, ғылым-білім үйренуге шақырды. «Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба» – деп жастарды бес нәрседен — өсектен, өтіріктен, мақтаншақтықтан, еріншектіктен, бекер мал шашпақтықтан қашық болуга, бес асыл іске — талап етуге, еңбекті сүюге, терең ойлай білуге, қанағатшыл болуға, қайырымды рақымшылық жасауға шақырды. Абай жастардың бойындағы кеселді кемістіктерді, арсыздық пен ұятсыздықты, дөрекі надандықты тәрбие және білім беру арқылы жоюға үндеді.

Қорытындылай келгенде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлын зерделеуді, тануды тапсырған болатын. Абай мәңгілік ел болуды армандады. Оған жетудің жолын ол оқу мен білімнен, жалпы ағарту ісінен көрді. Мен Абайды осылай зерделедім.

Қуандық ҮСЕНБЕКОВ,

№110 мектеп-лицей мұғалімі

Пікірлер:
  • Маған бұл мақала қаты ұнады өте орынды мәселені сөз еткен деуге болады керемет сөздер арқылы өте қызықты етіп шығарған оқыған адам Абай жайлы көптеген мәлімет алады деп ойлаймын және өзімде көптеген мәлімет ала білдім қызықты мәліметтерге қол жеткіздім ешқашан ұмытпаймын деген ойдамын💕

  • Биыл Абайдың 175жылдығы.Осы тұрғыда жазылған мақала маған қатты ұнады.Тақырып толық ашылған,маған барынша түсінікті болды.Тағыда осындай мақалалар көптеп жазылуын қалаймыз.

  • Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының биыл 175жылдығы.Осыган орай жазылган бұл мақала маған қатты ұнады.Бұл мақаладан Абай атамыздың қандай шешен, ақылды, дана болғанын біле аламыз.Осындай мақалалардыңкөп болғанын қалаймын.

  • Абайдың 175 жылдығына арналған мақала маған қатты ұнады. Мақала маған толық түсінікті болды. Осындай ата-бабамыздың өсиет ерліктерін ұмытпай, еске салғаныңыз үшін рахмет. Осындай мақалалардың көп болуына тілектеспін.

  • Керемет макала екен👍.Макала маған катты унады.Макаладан бираз магулматтар алдым.Тағыда осындай макалалардын жазылуын калаймыз☺️Бәрімізге Абайдың 175 жылдығы құтты болсын.

  • Керемет макала екен👍.Макала маған катты унады.Макаладан бираз магулматтар алдым.Тағыда осындай макалалардын жазылуын калаймыз☺️Бәрімізге Абайдың 175 жылдығы құтты болсын.

  • биыл Абай атамыздың 175жылдығы.бұл мақала маған Абай атамыз туралы көп мәлімет берді.Маған мақала қатты ұнады сіздерге көп рахмет ата-бабамыздың өсиеттерін ұмыттырмағандарыңызға рахмет

  • Биыл Абай атамыздың 175 жылдығы.Осыған орай жазылған мақала маған өте қатты ұнады.Біз бұл мақаладан Абай атамыздың бойындағы қасиеттерді байқауға және сол қасиеттерді үйренуге болады.Осылай мақала жазғаныңыз үшін сізге мың алғыс

  • Қазіргі кезең халқымыздың ұлы ақыны, суырып салма шешені Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы. Бұл мақала барша балаға қатты ұнады.Мақалада Абай атамыздың балалық шағы суреттелгендей. Көбінесе көп қиындық көргені білінеді. Ол елі үшін, халқы үшін көптеген қиындықтарға барған. Оның ән шумақтары әр баланың есінде. Абай Құнанбаев және басқада ақындарымызды ешқашан ұмытпаймыз. Олар қазіргі таңда барша ел үшін ерекше орын алады. Абай Құнанбаевтың ержүректілігі, қайтпас қайсарлығы, тек қазаққа тән қасиет.Ол әрқашан біздің жүрегімізде.

  • Керемет макала екен👍.Макала маған катты унады.Макаладан бираз магулматтар алдым.Тағы да осындай мақалалар күтеміз.

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: