1975 жылы 24 наурызда АҚШ-та атақты екі алып кездесті. Чак Уэпнер 9-раундта Мұхамед Әлиді нокдаунға жібереді (1-суретте) де, менеджеріне қарап: «Эль, машинаны оталдыр. Кеттік банкіге! Біз – миллионерміз!» дегенде, жаттықтырушысы: «Артыңа қара! Ол саған өте ызалы!» дейді. Орнынан тұрған Әли жекпе-жектің аяқталуына 20 секунд қалғанда Чакты нокаутқа жібереді (2-суретте), әйелінің қасына жата алмайтындай қылып бетін быт-шыт қылды. Себебі, Мұхамед Әлимен кездесетін күні үйінен шығып бара жатып Чак әйеліне: «Бүгін түнде сен миллионердің қасына жататын боласың!» деп сенімді түрде айтқан болатын. Қазақ мұндайда «Құдай қаласа» деп айтады.

Бақытжан ТҮМЕНБАЙ,
тарихшы
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!