HALYQLINE.KZ Табиғат-ананың бусанып, тіршілік тірілетін жаңару айын сырбойылықтар бар сән-салтанатымен қарсы алды. Орталық алаңда 18 ақшаңқан киіз үй тігіліп, ұлттық салт-дәстүрді дәріптейтін шаралар, спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, мереке нышаны саналатын наурызкөже әзірленіп, әсерлі ән мен жыр төгілді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Күн мен түннің теңеліп, қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, көктемнің шуақты күндерінен үміт күттіретін Ұлыстың ұлы күнінде облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова сырбойылықтарды әз-Наурыз мейрамымен құттықтап, ақжарма тілегін жеткізді.
Тағы да көріңіз:
Фото авторы – Нұрболат Нұржаубай
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!