«Жоқ!» деп айтудың жақсы тұсы бар екенін ұғындық. Мейірім меккесі болған мектебіміз ең асыл құндылықтарды үйретіп жатыр.
Сезеді сәби жүрегім,
Зиялы болып жүремін.
Есірткі зиян екенін,
Бала болсам да білемін, – деп қара өлеңмен ойымды бастағанды құп көрдім. Жалпы, жаңа дәуір балалары біздер үшін барлық зиянды әдеттерден, қылмысқа апаратын жолдан, ұры-қарлықтан, ең ауыр сала есірткі әлемінен алшақ болғанымыз маңызды. Әйтпесе, гүл гұмырымыздың қураған қауырсынға айналары анық.
Қазір білектілер мен жүректілердің, білімділер мен ақылдылардың ғасыры. Мен өскенде осы сатыдан орын алып, ата-анамның үкілі үмітін ақтағым келеді. Ал, есірткінің шылауына шырмалып, бақыттан құр қалып, елеріп, жынданып жүргендерді көрсем мұның бәрі құр қиял болып қаларын білемін. Сол үшін есіркі түгілі құр шылым берсе де «Жоқ, керек емес» деп сеніммен айта аламын. Өмір түтінім түзу ұшу үшін, түнек түтінінен алыс боламын.
Мен «асық ойнаған азар» деген сөзді «наша ойлаған азар» деп өзгерткім келеді. Себебі, әлемдік ақпараттары жаңалықтан көріп қалсақ, есірткі дегеннің құрдымға әкететінін жиі айтады. Денсаулығы құрып, өмір астаң-естең болады. Сондықтан ойлы оқушыларды, туыс бауырларымды жақсы өмір сүруге шақырып, ата-аналарының көз қуанышы болуға үндеймін.
Сайлауов Нұрымбек
Ұ.Қараманов атындағы
№262 мектеп – гимназиясының
7 «Ә» сынып оқушысы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!