Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Үсіктен сақтану ережелері!

24.01.2025, 10:05 49

Үсіп қалу мен аяздың алдын алу үшін мінез-құлық ережелері қандай болу керек. Бұл туралы ТЖМ Телеграм каналы жазды, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі BAQ.KZ. сайтына сілтеме жасап.

ТЖМ тоңу және үсіп қалуды болдырмау үшін қарапайым тәртіп ережелерін еске салады: 

бос, көп қабатты киім кию; 

жылы аяқ киімге ерекше назар аударыңыз;

 аязға қолғапсыз, биялайсыз, бас киімсіз және мойынорағышсыз шықпаңыз; 

терінің жалаңаш бөліктерінің металмен жанасуын болдырмау; 

үсік шалған дене бөлігін қайта тоңазудан сақтаңыз;

себебі бұл терінің одан әрі зақымдануына алып келеді;

аяқ-қолдардың тоңып қалуы кезінде үсіп қалу қаупі бар жерлерді жылыту және тексеру үшін кез келген жылы жерге (дүкен, кафе, кіреберіс) мүмкіндігінше тезірек кіру қажет; 

желден қорғаныңыз, себебі желде үсік шалудың ықтималдығы әлдеқайда жоғары. 

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: