Шомылу маусымының басталуына байланысты халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ақпараттандыру деңгейін арттыру мақсатында Ақтөбе облысы ТЖД ҚР ТЖМ-нің 20982 әскери бөлімімен бірлесіп, су айдындарының маңында тұратын тұрғындарды хабардар ету науқаны жалғасып жатыр.
Бұл туралы ТЖМ мәлім етті, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі kazinform сайтына сілтеме жасап.
— Өзен, көлдер және басқа да су айдындарына жақын орналасқан елді мекендерде ұшқышсыз ұшу аппараты арқылы аэровизуалды ескерту жүзеге асырылады. Дыбыс зорайтқышпен жабдықталған дрон белгіленген уақытта әуеге көтеріліп, судағы қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы дыбыстық хабарламаларды таратады, — делінген хабарламада.
Науқан барысында балалары бар отбасыларға, қарт азаматтарға, сондай-ақ су айдындарының қауіпті учаскелеріне жақын орналасқан тұрғындарға ерекше назар аударылады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!