Қызылорда облысы тұрғындарының назарына!
Қазақстан Республикасы аумағында көлік құралдарын тіркеу және белгілі бір ақыға жүргізуші куәліктерін дайындау бойынша әлеуметтік желілер арқылы («Instagram», «Vkontakte», «Telegramm»,«Whatsapp», «OLX.kz» және «Kolesa.kz») заңсыз қызметтер ұсынатын жауапсыз азаматтар тарапынан алаяқтық фактілер жиі болуда.
Осыған орай, жоғарыда аталған әлеуметтік желілер арқылы ақыға қызмет көрсету бойынша ұсынылған алаяқтарға алданып қалмау мақсатында, аталған қызмет түрлерін тек тұрғылықты жерлеріңіз бойынша Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына немесе «Электронды үкімет» порталына жүгіну керектігін ескертеміз.
Сонымен қатар, әлеуметтік желілер арқылы заңсыз қызметтер ұсыну туралы ақпараттар анықталған жағдайда полиция бөлімшелеріне хабарлауларыңызды сұраймыз.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!