Кәсіпкерлерге қатысты басталған қаржылық прирамиданы құру және оған басшылық ету, алаяқтық және өзінше билік ету бойынша қылмыстық істерді тергеуді бұдан былай қаржылық мониторинг органдары жүргізетін болады.
Бұл туралы Мемлекет басшысының тапсырмасымен, Заңдылықты, құқық тәртібі және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің 2023 жылғы 26 сәуірдегі шешімі шықты.
Қазіргі кезде Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментімен «Chia Tai Pharmaceutical» компаниясының басшыларына қатысты Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 207 бабы 3 бөлігі 2 тармағымен сотқа дейінгі тергеу басталды.
Аталған жобаға адамдарды тарту «www.kzccttqql.com» қосымшасы арқылы жүзеге асырылған, азаматтар медициналық мақсаттағы «CP Pharma» өнімдеріне қатысты зерттеуге, жасауға және өндіруге байланысты салымшы ретінде тартылған.
Назар аударыңыз! Осы жобаға тіркелген, қатысқан және салым салған азаматтар болса – Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіне хабарласуды өтінеміз. Біздің мекен жайымыз: Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Ш.Есенов көшесі, 16. Кезекшілік бөлім телефоны 8 (7272) 21-54-65, 21-52-09.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!