Синоптиктердің хабарлауынша, еліміздің кейбір өңірлерінде ауа райы қолайсыз болады деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады деп болжануда.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады деп күтілуде. Сондай-ақ, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ.
Қостанай облысында бұрқасын, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Павлодар облысында жаяу бұрқасын күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.
Ақмола облысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз бұрқасын. Облыстың шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысының оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз бұрқасын. Облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Астанада кей уақыттарда жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-18 м/с.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!