Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ЖШС-ны қалай жабуға болады?

03.02.2021, 10:00 1116

HALYQLINE.KZ  Қайырлы күн, оқырман! Біз әдеттегідей аптаны #oqy&toqy айдарынан бастамақпыз. Бүгін ЖШС-ны тарату жолдарын айтатын боламыз.

Еgov.kz арқылы:

– Порталға кіріңіз, порталдың «Бизнеске», «Бизнесті тіркеу және дамыту», «Бизнесті тіркеу және жою» тармақтарына өтіп, «Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару» қызметіне онлайн тапсырыс беріңіз.

– Портал талап екен деректерді толтырып, қажетті құжаттарды тіркеп, ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қойыңыз.

Есіңізде болсын!

– Порталға жүктеу қажет құжаттардың скан көшірмелерін алдын ала дайындап алуды ұмытпаңыз.

– Бұл қызметті жүзеге асыру үшін порталға ЖШС басшысының ЭЦҚ-сымен кіру керек.

ХҚО арқылы жүзеге асыру үшін:

– Ең алдымен ХҚО-ға кезекті онлайн брондаңыз. Бронды растау үшін ХҚО-ға 20 минутқа ерте келіңіз.

– ХҚО операторы арқылы заңды тұлғаның таратылуын мемлекеттік тіркеуге өтініш беріңіз.

Қажетті құжаттар тізімі (портал үші де, ХҚО үшін де)

– Меншік иесінің немесе құрылтайшылар жиналысының мөрімен бекітілген шешімі;

– ЖШС таратылатындығы туралы жарияланған хабарлама бар газет көшірмесі;

– ЖШС-ның мөрін жойған ұйымның анықтамасы;

– Акцияларды шығарудың күшін жою туралы Ұлттық Банктің хабарламасы (акционерлік қоғамдар үшін);

– Филиал және өкілдікті есептен шығарған жағдайда филиал туралы өтініш және ереже;

– Қызмет құны төленгені жайлы түбіртек.

Қызмет құны:

– Ірі бизнес субъектілері үшін – 18382 тг;

– Шағын және орта бизнес субъектілері үшін – тегін.

– Қызмет көрсету уақыты портал арқылы да, ХҚО арқылы да 5 жұмыс күнін құрайды.

Ескерту!

– Бұл қызметке өтініш қалдыру ЖШС-ны тарату этаптарының ең соңғысы болып табылады.

– ҚҚС бойынша тіркелмеген, белгілі бір қызмет түрлерін жүзеге асырмайтын, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін арнайы режимді қолданбайтын, бұрын қайта ұйымдастырылмаған, салықтық тексеру жоспарына енгізілмеген ЖШС-лар жеңілдетілген тарату жолын пайдалана алады. Олар құжаттарды ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер басқармасының бақылау үстелінен өткізумен шектеле алады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: