Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңақорғаннан экожөргек шығады

05.07.2024, 13:22 972

Бүгінде Жаңақорған ауданы тың идеялардың қайнар көзі іспеттес. Жастарының жаңашылдыққа, ізденіске жаны құмар. Сондай ізденістің ізінде жүрген жандардың бірі – Айдана Исраилова. Ол экожөргек тігіп, өз кәсібін бастаған. Кәсіп иесі бұл жұмысты «қажеттіліктен туындады» дейді. Арнайы ер балалар мен қыз балаларға арнап, өзгеше сипаттағы жөргектерді тігуде. Қазір 4 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Ол бұл кәсіптің барлығын “Ауыл аманаты” жобасымен 5 миллион несие алу арқылы бастаған.

– Бұл кәсіп өзімнің қажеттілігімнен басталды. Өзімнің балалы болуым нақты себеп болды деп айта аламын. Бастапқыда тек өзіме ғана тігіп, дайындап жүргенмін. Одан соң бұл жұмысты кәсіп көзіне айналдырғым келді. Қыз-келіншектерге ұнаған соң ба, бүгінде тапсырыс та, сұраныс та артты. Қазақстанның бүкіл қаласына жібердік. Қырғызстан мен Ресейден де қызығушылық танытқандар бар. Ешқандай да аллергия шығармайды, бала терісіне ыңғайлы, – Айдана Жаңабайқызы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: