HALYQLINE.KZ «Qaratau Fruits» шаруа қожалығы Жаңақорған ауданы Қыраш ауылдық округінен 50 гектар жер алып, алма бағын ашты. Түрік мамандарымен біріге отырып, 35 гектар жер дайындалып, Түркиядан келген 75 мың көшет толығымен егіліп, тамшылатып суару әдісімен суару жұмыстары жүргізілуде. Осы орайда, Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Исатай Ансат бақша жұмысымен танысу мақсатында Жаңақорған ауданына арнайы барды.
Қазіргі таңда қарқынды алма бағының жер учаскесі қоршаланып, егіс басына қадалары қағылып (шпалер), Түркия елінен арнайы келген агроном маманы, су маманы егіс басында жұмыс істеуде.
Аталған бақшаны сумен қамтамасыз ету мәселесі насос қондырғылары арқылы жүзеге асырылса, оған қажетті 250 кВ трансформаторлар орнатылып, 6,5 шақырым электр желісі тартылды.
Егіс басында екі МТЗ82 тракторлары жұмыс жасап жатыр. Сонымен қатар, жер қопсытатын техника, 2 дана арнайы алма жинайтын техникасы жеткізіліп және дәрі шашатын бүріккішпен (опрыскыватель) қамтамасыз етілді.
Биылғы жылы алма ағаштарына күтіп-баптау жұмыстары жүргізіледі. 3 жылдан кейін жемістерін алу көзделуде.
Шаруашылықта 50 адам жұмыс қамтылу жоспарланса, егіс басында тұрақты түрде – 5 адам, маусымдық кезеңге – 10 адам жұмысқа алынды.
Айта кетейік, өнім Қазақстаннан бөлек, көрші мемлекеттерге де экспортталады.
Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!