Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада балықтың 24 түрі мекендейді

26.07.2024, 15:50 1129

Балық саласы – экономикалық өсудің және халықты жұмыспен қамтудың маңызды салалардың бірі. Өңірімізде балық шаруашылығы қорының құрамына Кіші Арал теңізі мен жергілікті маңызы бар 201 көл кіреді. Бүгінгі күні, Республикалық маңызы бар Кіші Арал теңізінің 18 учаскелері толық 8 пайдаланушыларға бекітіліп берілген. Жергілікті маңызы бар 181 көл 160 табиғат пайдаланушыларға бекітіліп беріліп, 24 көл резервке алынған.
Облыстың су айдындарында 24-тен астам балық түрлері мекендейді. Оның 13-і ішінде негізгі ауланатын кәсіпшілік балық түрлері. Оның ішінде: коммерциялық тұрғыда аса құнды көксерке, сазан, ақ амур, дөңмаңдай балықтары. Ағымдағы жылдың 6 айында облыс бойынша 3857 тонна балық ауланып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 43 пайызға өсуі көрінуде.

Сонымен бірге 1955 тоннаға балық өнімдері 12 шет мемлекетке экспортталып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13 пайызға артты. (2023 жыл 6 ай – 1699 тонна)

Экспортталатын балықтардың негізгі түрлері: тыран, торта, алабұға, шортан, көксерке. Сондай-ақ, өңделген өнімдер түрінде көксерке сүбесі, тыран қанаттары, балық фаршы, балық сүбесі, мұздатылған балық және балық ұны.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: