HALYQLINE.KZ –| Қызылорда облысы бас санитарлық дәрігерінің 10 мамырда №12 қаулысы шықты. Қаулыға сай Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссия 11 мамырдан бастап кезең-кезеңімен жұмыс істеуге рұқсат берілетін салалардың және ұйымдардың тізімін бекітті. Тізімге сай, 11 мамырдан бастап төмендегі нысандар жұмысын бастайды:
1. Бөлек тұрған азық-түлік емес тауарларды сататын дүкендер (сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін);
2. Отырғызу орындардың санына сәйкес шектеулермен қоғамдық көліктер (сағат 07:00-ден 21:00-ге дейін);
3. Қоғамдық моншалар (сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін), бір мезетте: – көлемі 100 шаршы метрге дейін 5 адамнан артық емес;
– көлемі 100 шаршы метрден жоғары 20 адамнан артық емес.
4. Мәдениет нысандарының жұмысы (көрермендердің қатысуынсыз 30 жұмысшыдан аспауы тиіс);
5. Спорт нысандарының жұмысы (спортшылардың жаттығуы 30 адамнан аспауы тиіс);
6. Сағат жөндеу шеберханалары, химиялық тазалау, фотосалондар, жарнамалық агенттіктер, сондай-ақ сұлулық салондары (барлық қызмет түрлері) (сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін);
7. Мал базарлары (сәрсенбі және сенбі күндері, сағат 04:00-ден 09:00-ге дейін);
8. Құрылыс материалдары базарлары (сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін);
9. Жұмыспен қамту орталықтары (сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін).
18 мамырдан бастап:
1. Балабақшалардың кезекші топтары;
2. Мәдениет нысандарының жұмысы (көрермендердің қатысуынсыз 50 адамнан аспауы тиіс);
3. Спорт нысандарының жұмысы (спортшылардың жаттығуы 50 адамнан аспауы тиіс);
4. Халыққа қызмет көрсету орталықтары (алдын ала жазылу бойынша сағат 10:00-ден, 17:00-ге дейін) жұмыс істейді.
25 мамырдан бастап:
1. Қонақүй кешендері, отелдер;
2. Сауда ойын-сауық орталықтары (футкорттар, балалардың ойын алаңдары мен кинотеатрлардан басқа);
3. Балалар түзету (коррекции) кабинеттері (сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін);
4. Ломбардтар (сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін) жұмысын жүргізе алады.
Жұмысың өрлей берсін керемет жаңалықтың бәрін өзіңнен оқып отыратын болдым
Керемет! Жұмыстарыңызға сәттілік!