Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қармақшылық азамат омарташылықтан мол табыс тауып отыр

24.06.2024, 10:45 778

Ара ұяларының санын 200-ден асырған Жосалылық омарташы мемлекеттен қолдау тауып, бүгінде кәсібін өрге дөңгелентуде.

Сыр өңірі – ара өсіруге қолайлы аймақ. Мұнда олардың бал жинауына қажетті түрлі өсімдіктер бар. Сондықтан да соңғы жылдары өңірімізде омарташылар саны көбейіп, өнім сапасы артып келеді. Оған омарташылық кәсіпке алты жылдан бері машықтанған Жосалылық омарташы Майлыбаев Болат өзіндік үлесін қосуда.

Алты жыл бұрын бірнеше ара ұясынан басталған кәсібі, бүгінде 200 омарта ұясын, әр ұяда 100 мыңнан аса араны құраса, оның өндірген бал өнімдерін Жосалыға ғана емес, сондай-ақ алыс жақын ауылдар мен қалаларға экспортталып отырған жайы бар.

Бұл кәсіптің пайдасы ұшан-теңіз екеніне көзі жеткен ол өткен жылы «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясынан «Ауыл аманаты» жобасы аясында 4 млн теңге жеңілдетілген несие алып, омартасын дамыту үшін қажетті құрал-жабдықтары мен ұяларын сатып алған.

Кәсіпті 500 ұямен шектеп қалмауды ұйғарған Болат Максимұлының айтуынша, алдағы уақытта омартаны ұлғайту үшін канадалық технологияны қолданбақ. Яғни, қазірде жеке-дара тұрған ара ұяларын төрт-төрттен біріктіріп, жүк тиегіш техникалармен тиеуге жеңіл болуы үшін түпқоймаларға орналастырады. Бұл өз кезегінде омартаны жаз маусымында жайлауға, қысқа қарай қыстауға көшіру үрдісін жеделдетіп әрі жеңілдете түспек. «Уақыт пен жұмыс күші үнемделеді» дейді кәсіпкер.

«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: