Бүгін Қызылорда қаласының сол жағалауында мектеп және кеңсе жиһаздарын сатумен айналысатын «AZZURRA» жиһаз орталығы ашылды. Сауда үйінің ашылу рәсіміне қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Құттықожаев арнайы қатысып, нысанның ашылуымен құттықтады.
– Сіздерді бүгінгі сауда үйінің ашылуымен құттықтаймын. Алдағы уақытта да тұрғындар игілігі үшін қызмет жасайтын кәсіптеріңіз жандана берсін. Бүгінде қаламызда мектеп құрылысы, басқа да нысандардың құрылысы жанданды. Осы ретте сіздердің септіктеріңіз тиері сөзсіз, – деді Ибадулла Дүйсенбайұлы.
Қызылорда қаласы әкімі баспасөз қызметінің хабарладуынша, 17 адамды жұмыспен қамтып отырған сауда үйінде ресми диллері болып саналатын Megasmart зауытының өнімдері сатылымға шығарылған. Жиһаздардан бөлек оқу-зертханалық жабдықтарды, құнды дүниелерді сақтауға арналған сейфтерді де осы сауда үйінен таба аласыз.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!