Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Медициналық масканың бағасы белгіленді

20.04.2020, 16:53 538

HALYQLINE.KZ –| «Денсаулық сақтау, Ұлттық экономика, Сауда және интеграция министрлерінің бірлескен бұйрығына сәйкес, медициналық маскалардың бөлшек саудадағы шекті бағасы белгіленді» деп хабарлады облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті.

17 сәуірдегі мәлімет бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінде келесі өндірушілердің үшқабатты, бірреттік медициналық маскалары» бар:

«ПроТек-МП» ЖШС, «MegaPharma» ЖШС, «ТК Фарм Актобе» ЖШС, «Dolce» ЖШС, «Аврора» өндірістік кешені» ЖШС, «Super-pharm» ЖШС, «МАСКА» ААҚ, «Бриз-Кама» ААҚ, Nanjing Joyful Imp./Exp. Co., Ltd., Carestone Medical & Protective Products Co., Ltd., Hubei Kangning Protective Products Co., Ltd.

Бұйрықтың 1-тармағына сәйкес осыларды халыққа бөлшек саудада өткізу кезіндегі шекті баға 118 теңгеден аспауы тиіс.

Өңірдегі дәріханалық ұйымдарда негізінен жергілікті тігін цехтарында тігілген қорғаныш маскалары (бір реттік немесе көпреттік, дәке таңғыш, т.б.) саудаланып жатыр. Қорғаныш маскалары медициналық (медициналық бұйым ретінде мемлекеттік тіркеуден өтпеген) маска боп есептелмейді, сондықтан оларға шекті баға бекітілмеген.

24 наурыз күні облыс әкімінің төрағалығымен өткен жиналыста дәріханалық ұйымдар тарапынан қорғаныш маскаларына логистикалық және жүк құжаты шығындарын ескерумен 5%-ға дейін үстеме баға қою келісімі жасалды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: