Мағжан Ералиев, «Абзал и К» ЖШС-ның директоры:
Тілші: Белгілі бір кәсіпті игеріп кету үшін адам бойында қандай қасиеттер болуы керек?
Мағжан Ералиев: Ең біріншіден, кәсіпке адалдық керек. Және сіз ашқан кәсіп ел-жұртты жаман іске баулымауы, жаман жолға салмауы қажет. Мысалы, маған көпшілігі жас кәсіпкер болғандықтан, “кафе, тойхана, түнгі клуб секілді орындарды ашып, жұмыс жүргізбейсің бе?” деп жатады. Ал, менің берекелі бизнеспен айналысқым келеді. Сондай-ақ, кез келген салада талап етілетін жауапкершілік кәсіпкерлікте де аса қажет. Сол секілді, адаммен тез тіл табыса алу, жақсы қарым-қатынас жасау да басты рөл атқарады.
Сұхбаттасқан Рыскелді ЖАХМАН
«Халық» газетінің мұрағатынан алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!