Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кондитерлік үйі ашылды

20.03.2026, 15:10 27

HALYQLINE.KZ

Бүгін Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кентінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында «AQBOTA cakes» кондитерлік үйі ашылды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Жаңа кәсіпкерлік нысанның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Мұрат Әбсұлтанов қатысып, тұрғындарды Наурыз мейрамымен және жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.

— Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен және мерейлі мерекемен қатар келген Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінде киелі Сыр өңірінде Президенттің, Үкіметтің ерекше қолдауымен, аймақ басшысының басшылығымен кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып келеді. Қазыналы Қазалы ауданында да өңірге көрсетілген қолдаудың нәтижесінде кәсіпкерлік саласы бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуде. Өткен жылы ауданда тамақтану орындары, мейрамханалар, сауда орындары, көлік жуу орны сынды жаңадан 32 кәсіпкерлік нысан бой көтеріп, онда 80-ге жуық адам жұмыспен қамтылған. Биыл да игі жұмыстар жалғасын табуда. Осындай заманауи талапқа сай безендірілген кондитерлік үйін салып, ел игілігіне ұсынып отырған кәсіп иесіне және құрылысқа атсалысқан барша азаматқа айтар алғысымыз шексіз, — деді аудан әкімінің орынбасары.

Мұрат Байғабылұлы жаңа кәсіпкерлік нысанды ашып, тұрғындарды жұмыспен қамтуға атсалысқан бірқатар кәсіпкерге аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың Алғыс хатын табыстады.

Жеке кәсіпкер Арал Әбдібаевтың жалпы құны 200 млн теңге құрайтын «AQBOTA cakes» кондитерлік үйі 2 қабаттан тұрады. Жоба Қызылорда Өңірлік инвестициялық орталығы тарапынан және жеке қаражат есебінен қаржыландырылып отыр. Жалпы аумағы 425 шаршы метрді құрайтын нысанда кондитерлік дүкен, цех, 50 адамға арналған кофейня және нан цехы жұмыс істейді. 8 адам жаңа жұмыс орнымен қамтылып отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: