Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жылыжайдағы жағымды жаңалық

10.12.2024, 9:15 59

HALYQLINE.KZ

Кеше Жалағаш ауданы әкімі Ардақ Ибраимов Жалағаш кентінде орналасқан «Ақсу-Өлке» жеке кәсіпкерлігінің жылыжайымен танысты. Жеке кәсіпкер Дәулет Сәруар қияр өнімін өндіруде жаңа бастаманың жеміс беріп жатқанын айтты. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының қолдауымен елімізде жүзеге асырылып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы бүгінде шағын кәсіпкерлер үшін мол мүмкіндік екенін айтқан аудан әкімі Ардақ Ибраимов жергілікті жылыжай өнімінің қыс мезгілінде тұрғындар үшін тиімді бағада сұранысқа ие болатынын жеткізді.

«Ауыл аманаты» жобасы бойынша жеке кәсіпкер Дәулет Сәбитұлының жылыжай жобасы қаржыландырылған. Жоба құны – 8,6 млн теңге. Екі адамды жұмыспен қамтып отыр. Жылыжай Жалағаш кенті, Тұңғышбаев көшесі №46 мекенжайда орналасқан.

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов жауапты сала басшыларына аудан көлемінде мемлекет тарапынан қолдау тапқан жобалардың нәтижелі жұмыс істеуін тұрақты бақылауды тапсырды.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: