Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаппай кәсіпкерлік қалай дамып жатыр?

08.02.2022, 10:35 644

HALYQLINE.KZ

Облыс орталығында жаппай кәсіпкерлік қалай дамып жатыр? Бұған дейін бұл салада не тындырылды? Бұл сауалдарға кеше қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Бағлан Аманкелдиев жауап берді.

– Облыс бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 45,7%-ы – Қызылорда қаласының үлесінде. 2021 жылдың өзінде Қызылорда қаласы мен қалаға қарасты кент және ауылдық округтерінде 6514 кәсіпкерлік субъекті тіркеліп, 6528 жаңа жұмыс орны ашылды. Өткен жылы шағын және орта бизнес субъектілері 216,8 млрд теңгенің өнімін шығарып, жалпы 54 958 адамды жұмыспен қамтып отыр. Қала көлемінде шағын кәсіпкерлікті дамыту, мемлекеттік бағдарламалар мен кәсіпкерлік негіздерін түсіндіру мақсатында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарына да ерекше көңіл бөлініп келеді. Соның нәтижесінде өткен жылы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жалпы құны 26,9 млрд теңгені құрайтын 2532 жоба қолдау тапқан, – деді бөлім басшысы.

Оның ішінде «Қарапайым заттар экономикасын дамыту» бойынша басымдық берілген жобаларды жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы шеңберінде жалпы құны 1 млрд 181 млн теңгені құрайтын 8 жоба қаржыландырылған.

Ал, «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 23,4 млрд теңгені құрайтын 1234 жоба қаржыландырылған. Қалаға қарасты елді мекендер тарапынан жоба құны 1 млрд 753 млн теңгені құрайтын 45 жоба қолдау алса, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру бағыты бойынша жалпы құны 144,3 млн теңгені құрайтын 36 жоба грантқа ие болған.

Сондай-ақ, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында жоба құны 1 млрд 425 млн теңгені құрайтын 149 жоба несиелендіру арқылы қаржыландырылған. Оның ішінде 30,2 пайызы, яғни 45 жоба қалаға қарасты кент және ауылдық округтер тарапынан ұсынылған. Аталған бағдарлама аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік қайтарымсыз гранттар беру бағыты бойынша комиссия шешімімен құны 628,3 млн теңге болатын 1082 адамның жобасы қолдау тапқан.

Өнеркәсіп өнімдерінің өндірісі бойынша қаланың Қызылорда облысындағы үлесі 73,0 пайызды құрап, 49,2 млрд теңгенің өнімі өндірілген.

Сонымен қатар, Қызылорда қаласы бойынша «Индустрияландыру Картасы» аясында жоба құны 70,0 млрд теңгені құрайтын 12 жоба жүзеге асырылуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: