Бүгін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен кәсіпкерлердің қатысуымен Тасбөгет кентінің орталық алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеде қала тұрғындарына жылқы, сиыр, қой еті төмен бағада ұсынылуда. Атап айтқанда, сиыр еті 2500 теңгеден, жылқы еті 2300-2700 теңге аралығында сатылуда.
Сонымен қатар, 15 тоннаға жуық картоп, 12 тонна көкөніс өнімдері, 8 тонна бақша, 8 тонна ет пен 6 тонна балық, 2 тонна сүт өнімдері, 15 тонна күріш және тағы басқа да өнімдер нарықтан төмен бағада ұсынылуда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!