Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шаруалар егін жинауды бастады

16.08.2025, 13:13 412

Қостанай облысында ерте егілген егінді жинау басталды, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі El.kz интернет порталына сілтеме жасап.

“Мемлекеттің, облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдарының қолдауының арқасында біз егін егу науқанын оңтайлы мерзімде уақтылы өткіздік. Бүгінгі таңда біздің шаруашылықтарымыз ерте егілген егінді жинауға кірісті. Биыл облыста 5,1 млн га алқапта егін жинау науқаны өтеді”, — деп атап өтті Қостанай облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бас маманы Кенже Жұмабеков.

Оның айтуынша, бүгінгі күні орташа өнімділігі 10,8 ц/га болатын 30 мың гектарға жуық алқаптан дәнді дақылдар, 8 ц/га өнімділікпен 1 мың гектарға жуық алқаптан майлы дақылдар жиналды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: