Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шаруа қожалықтарына қолдау көрсетілді

07.12.2020, 13:00 582

HALYQLINE.KZ COVID-19 пандемиясынан туындаған жаһандық дағдарыс Қазақстанның оңтүстігіндегі ұсақ шаруа қожалықтарына айтарлықтай қиындық тудыруда.

Қызылорда облысы фермерлерінің сортаң топырақты қолдануға мәжбүр болатындығы және жыл сайын құрғақшылыққа тап болатынынан өзге, пандемия, шекаралардың жабық болуы және 2020 жылы адамдардың жүріп-тұруына айтарлықтай шектеулер енгізілуі салдарынан шаруалар ішкі еңбек мигранттарынан қосымша ресурстар алудан, сондай-ақ көршілес елден келген мигранттардың көмегінен айырылды.

Осыған орай, БҰҰ жанындағы Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы “Орталық Азия мен Түркияның құрғақшылыққа бейім және сортаңдалған ауылшаруашылық өндірісінің ландшафттарында табиғи ресурстарды кешенді басқару” жобасы аясында COVID-19-ден ең көп зардап шеккен шаруа қожалықтарына тегін жоңышқа тұқымы түрінде бір реттік көрсету туралы шешім қабылдады.

ФАО-ГЭФ аймақтық жобасының ұлттық командасы Кәсіпкерлер палатасы, Қызылорда облысы әкімдігі және облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарымен бірлесіп, жергілікті жердегі жағдайды зерттеп, Қызылорда облысының пилоттық аумағындағы ең осал және ең көп зардап шеккен фермерлер мен үй шаруашылықтарының тізімін жасады, оның құрамына он төрт шаруа қожалығы кірді. Олар – Сырдария, Шиелі, Жалағаш және Қазалы аудандары, сондай-ақ Қызылорда қалалық әкімшілігіне қарасты ауылдық округтердегі бірнеше шаруа қожалықтары.

Жалпы құны 4,2 млн теңгені құрайтын құрғақшылыққа төзімді жоңышқа тұқымдары БҰҰ азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымының аймақтық жобасының ашық сатып алу рәсімдеріне сәйкес жарияланған ашық тендер арқылы сатып алынды.

«Бүгін алған жоғары сапалы құрғақшылыққа төзімді тұқым материалдары сіздердің шаруа қожалықтарыңыздың тұрақтылығы мен отбасыларыңыздың әл-ауқатын сақтауға көмектеседі деп үміттенеміз», – деді 4 желтоқсан, жұма күні виртуалды форматта өткен тұқым беру рәсімінде аймақтық жобалар үйлестірушісі Махмуд Шаумаров.

Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Зүбайда Садақбаев шарада мемлекет фермерлерді қиыншылыққа қалдырмай, оларға қолдау көрсетіп отырғанын, жоғары сапалы тұқымдардың да маңызы зор екенін атап өтті. Сонымен қатар, жоңышқа шаруашылықтардың мал азығына қажеттіліктерін қанағаттандырып қана қоймай, топырақтың құрамын едәуір жақсартатындығын жеткізді.

«Төтенше жағдай және карантин жағдайында кәсіпкерлер, оның ішінде аграрлық сектордағылар қиын жағдайға тап болды және біз ИСЦАУЗР-2 жобасына қиын жағдайда уақытылы көмек көрсеткені үшін өте ризамыз», – дейді Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Жасұлан Серіков.

Ақпарат үшін: БҰҰ жанындағы Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымының аймақтық “Орталық Азия мен Түркияның құрғақшылыққа бейім және сортаңдалған ауылшаруашылық өндірісінің ландшафттарында табиғи ресурстарды кешенді басқару” жобасының мақсаты ландшафттары құрғақшылық пен тұздылыққа бейім елдердің ауылшаруашылығында табиғи ресурстарды тиімді басқару тәжірибесін тарату болып табылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: