Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сауда  үйі  ашылды

22.12.2025, 11:10 47

HALYQLINE.KZ

Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кентінде Жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Мұқаш ата» сауда үйі пайдалануға берілді. Жаңа сауда орнының ашылу салтанатына аудан әкімі Алмасбек Есмаханов қатысып, тұрғындарды Жаңа жыл мерекесімен және сауда үйінің ашылуымен құттықтады. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

— Бүгінде киелі Сыр өңірінде Президенттің, Үкіметтің ерекше қолдауымен, аймақ басшысының басшылығымен кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып келеді. Қазыналы Қазалы ауданында да өңірге көрсетілген қолдаудың нәтижесінде кәсіпкерлік саласы бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуде. Бүгінде ауданда шағын және орта кәсіпкерлік саласында 5371 кәсіпкер тіркеліп, нақты жұмыс істеп тұрғаны – 5213 бірлік, белсенділік көрсеткіші 97,1 пайыз болды. 2025 жылдың 11 айында ауданда тамақтану орындары, мейрамханалар, сауда орындары, көлік жуу орны сынды жаңадан 28 кәсіпкерлік нысан бой көтеріп, онда 80-ге жуық адам жұмыспен қамтылған. Бүгінгі ашылып жатқан кәсіпкерлік нысан аудан тұрғындарына заманауи талапқа сай қызмет көрсетіп, күнделікті қажетті тауарларға қолжетімділікті арттырады. Сонымен қатар, бірнеше адамды жұмыспен қамтып, ел экономикасының өркендеуіне үлес қосады, — деді аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы.

Жеке кәсіпкер Әділет Мұқаштың жалпы құны 180 млн теңге құрайтын «Мұқаш ата» сауда үйі 2 қабаттан тұрады. Жалпы аумағы 730 шаршы метрді құрайтын сауда орнында 5 сауда бөлмесі мен халыққа қызмет көрсету орындары орналасқан. 4 адам жаңа жұмыс орнымен қамтылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: