Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«РЗА» акционерлік қоғамының жұмысымен танысты

10.10.2025, 17:35 205

HALYQLINE.KZ

Қазалы ауданының әкімі Алмасбек Есмаханов аудандағы 800-ге жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған іргелі ұжым – «РЗА» акционерлік қоғамының жұмысымен танысты. Ондағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудан әкіміне «РЗА-Асыл түлік» ЖШС-нің директоры Мұрат Имандосов таныстырып өтті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«РЗА» акционерлік қоғамы – 2000 жылдан бері тұрақты жұмыс істеп келе жатқан ірі кәсіпкерлік субъектісі. Қоғам құрамына «Рза-Агро», «Рза-транс», «Рза-Сүт», «Рза-асыл түлік», «Рза-Нан», «Рза-Мұнай-Газ-құрылыс» және өндірістік жабдықтау бөлімі сынды 6 жауапкершілігі шектеулі серіктестік кіреді.

Қоғам құрамындағы «РЗА-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – су үнемдеу технологияларын енгізген алдыңғы қатарлы ауыл шаруашылығы кәсіпорыны. Кәсіпорынның негізгі бағыты – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу. Биыл шаруашылық 4437 гектар жерге егін екті. Оның 2238 гектары – күріш, 419 гектары – жүгері, 702 гектары – жаңа жоңышқа және 1347 гектары – ескі жоңышқа. Шаруашылықтың өзінде 210 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Аудан басшысы акционерлік қоғамының жұмысымен танысу барысында «РЗА-СҮТ» зауытына да барып, мұнда шығарылатын барша Сыр өңірінің халқына танымал «Дәмді» сауда маркасының өнімдерін де көрді.

Қызылорда облысының құрметті азаматы, «Құрмет», «Парасат», ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері Самұрат Имандосов басқаратын акциноерлік қоғамның өнімдері бүгінде еліміздегі жоғары сұранысқа ие және Еуропа елдеріне экспортталуда. 2011 жылы кәсіпорын өнімі «Қазақстанның үздік тауарлары» республикалық байқауының жүлдегері, 2014 жылы «Алтын сапа» сыйлығының «Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздік кәсіпорын» атанған болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: