Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық ұстаздар оқу курсынан өтуде

24.07.2020, 9:50 401

 HALYQLINE.KZ «Биыл 160 қызылордалық ұстаз «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша оқу курсынан өтеді» деп жоспарлануда. Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Жанна Сқакова айтты.

Алғашқы лек 13-24 шілде аралығында екі апта бойы онлайн форматта өтуде. Оқу курсын біліктілігі жоғары, тәжірибелі бизнес-тренерлер өткізеді, сондай-ақ тыңдаушыларға «Атамекен» ҰКП жобалық тобы осы жылдың соңына дейін ақпараттық-әдістемелік қолдау көрсетеді.

Педагогтерге арналған оқу курсы аяқталған соң тыңдаушыларға оқу аяқталғаны туралы сертификаттар табысталады. Оқу курсына қатысушылар бағдарламада ұсынылған метериалдарды тәжірибеде қолданып, мектеп оқушыларына бизнес-пайымдау, бизнесті жүргізу дағдыларын үйретіп, кәсіпкерлік қызмет негіздерін геймификация арқылы бойыларына сіңіріп, сабақ барысын отандық және шетелдік кәсіпкерлердің бизнес-кейстеріне жағдаяттық талдау жасап, жобалық оқыту әдістерін іс жүзінде қолдана отырып жүргізе алады.

Қызылорда облысында ұстаздарға оқу курсын білікті бизнес-тренерлер Жанна Аманова, Жеңіс Сүйіндіков, Ержан Жұбанышев өткізуде. 24 шілдеде алғашқы лекті 63 мұғалім бітіреді. Екінші лектің оқуына 3-14 тамыз аралығында 60, үшінші лекке 17-28 тамыз аралығында 37 адам қатысады деп жоспарлануда.

Осыған дейін 15-26 маусымда аймақтағы колледждердің 19 оқытушысы да аталмыш пән бойынша біліктіліктерін арттырған болатын. Сертификаттарын алған оқытушылар қыркүйек айынан бастап сабақ беруге дайын.

Айта кету керек, жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша біліктілікті арттыру бойынша оқу курсы 13 шілдеде басталды.

«Атамекен» ҰКП ұйымдастыруымен өтетін «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» педагогикалық мамандарды қайта дайындау курсына 1784 педагог қатысады. Курс ұзақтығы 108 академиялық сағатты құрайды.

Оқу курсы 14 облыс орталығы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 2-3 лек ауқымында өтеді.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер

палатасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: