Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық кәсіпкердің «елде жоқ» ерекше бизнесі бар

11.01.2024, 12:20 435

Қазір кәсіпкер атану, бизнесті бастап кету түк те қиын емес. Маңыздысы – сол кәсіпті дамыту, бәсекелестік заманында ағысқа қарсы жүзіп, өз жұмысыңызды лайықты жүргізу. Шынын айту керек, осы күні бір-біріне өте ұқсас әрі бір-бірін айна-қатесіз қайталайтын кәсіп түрі көбейіп кетті. Ал, оның бәрін бірдей тұтынатын адам жоқтың қасы. Сондықтан да, нарық заңына төтеп бере алмаған кәсіпкер айналымнан мәжбүрлі түрде шығып жатады. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Әйгерім Асқарова – Қызылорда облысындағы тұңғыш бизнеске жан бітірген кәсіпкер. Бір қызығы, оның негізгі мамандығы – экономист. Тыңнан түрен салған ол кәсіпті небәрі 100  мың  теңгемен  бастағанын  айтады.

Жарнама  –  тауардың  қозғалтқышы

– Балауыз шамдарын жасау идеясы маған кездейсоқ келді. Интернеттен көрген соң қызығып, арнайы Алматы қаласы­на барып 2 апта оқыдым, гипс­тен мүсін құюды да үйрендім.

Біздің өңірде бұл алғашқы бас­тама болды. Ел-жұрт алғашқыда «ол не тауар?» деп түсіне алмады. Сондықтан, кең көлемде жарнама жасауға тура келді. Ол үшін әжептәуір қаржылай шығын шықты. «Жарнама – тауар­дың қозғалтқышы» деген бекер айтылмаған ғой. Мамандығым экономист болғандықтан, қаржылық шығынды есептедім және басқара алдым деп ойлаймын, – дейді кәсіпкер Әйгерім  Асқарова.

Шикізатты Алматы және Астана қалалары­нан  алдыратын ол Қазақстанда балауыз  шамдардың  қалыбын  жасау  жұ­мысы  мүлдем  дамымағанын айтып отыр.

«Қазақстанда  қалып  дайындайтын  цех  әлі  жоқ»

Ерекше кәсіп иесінен «Көздің жауын алған балауыз шамдарының дизайнын кім жасайды?» деп сұрадық.

– Әлеуметтік желідегі көп туындылар – өзімнің еңбегім, арасында кейбір бұйымдар – Алматыда  мені  оқытқан  студия  шеберінікі.

Негізі, алдымен қиялыңыздағы арнайы формаға тапсырыс бересіз. Заттардың барлығы формаға құйылады. Ол «Молдинговые формы» деп аталады, қазақша мағынасы «мүсіннің қалыбы» дегенге саяды. Қалыптар шетелден әкелінеді, бізде ол деңгейде дайындайтын цех немесе шеберлер әлі  жоқ, – деп жалғастырды кәсіпкер.

Қазіргі таңда тойбастар, тұсаукесер, бонбанеркаларға әжептәуір тапсырыс түсіп жатқан көрінеді. Ерекше кәсіп иесі қолөнерге қызығушы­лық танытқан жастарға қолжетімді бағада дәріс өткізу жоспары барын жеткізді.

Рыскелді  ЖАХМАН

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: