Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық кәсіпкер бекіре шаруашылығымен айналысуда

18.08.2025, 17:25 550

HALYQLINE.KZ

Бүгін өңіріндегі жұмыс сапары барасында ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Мұрат Ергешбаев Талсуат ауылдық округіндегі ерекше жобаның бірі бекіре тұқымды балық өсірумен айналысып отырған «Хан Бекіре 11» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі жұмысымен танысты, деп жазады партияның Қызылорда облыстық филиалының баспасөз қызметі.

«Хан Бекіре 11» ауыл шарушылығы өндірістік коопертиві иесі Ғалым Нағиев өткен жылы ауыл ішінен нысан салып, бекіре тұқымды балықтарын өсіруді қолға алған. Қазір тереңдігі 50 метрді құрайтын жерасты ұңғымасы арқылы тазарту сүзгісінен өткен судың көмегімен көптеген бекіре балығын өсіріп отыр. Балықтың басым бөлігі қарапайым бассейндерге жіберілген. Шабақтары бөлек сақталуда.

«Бекіре балығында көптеген ауруға қарсы иммунитет қалыптасқан. Балықтың өзі де таза, вируспен сирек ауырады. Аталмыш балықтың уылдырықтарын да тұтынушыларға сату ойда бар. Бірақ, оған кемінде бес жылға жуық уақыт қажет. Алдағы уақытта «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы аясында несие алып, толық жағдай жасауды жоспарлап отырмын», -дейді Ғалым Нағиев.

«Ауыл аманаты» жобасы аясында жеңілдетілген 31 480 000 теңге қаржы алған жағдайда нысан ішін толықтай инфрақұрылыммен қамту жоспарланып отыр.

Талсуат ауылдық округінің әкімі Ерлан Тұтқабайұлы: «Алдағы уақытта кооператив нысаны орналасқан көшеге тас төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бұл арқылы шаруашылық тұтынушыларына қолайлы жағдай жасалмақ», — деп атап өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: