Бүгін Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасы, Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясының ұйымдастыруымен қолөнер шебері Садықов Пахриддин Шәмшідінұлының «Қолөнерден өнеркәсіпке» атты көрменің ашылуы өтті.
Көрменің мақсаты – ұлттық қолөнерді дамыту, қолөнер шеберлеріне қолдау көрсету, халық арасында кеңінен насихаттау. Бабадан қалған қолөнерді ұрпақ санасына сіңіріп, кәсіп ретінде дамыту. Келешек ұрпақты шығармашылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.
Көрмеге Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының басшысы Қазбекова Мира Жомартқызы, Қазақстан Республикасы «Мәдениет саласының үздігі» Қазақстан Суретшілер, Қолөнершілер одағының мүшесі Маханбетов Жәнібек Асанұлы және халық ақыны Манап Көкеновтің інісі Құттықожа Көкенов, Жаңақорған ауданының мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Сыздықов Әбілқайыр, Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қызметкері Перизат Құрманәліқызы және Қазақстан Қолөнершілер, суретшілер одағының мүшелері, өнер иелері, туыстары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен аудан қала тұрғындары қатысты.
Бүгінгі көрмеге 40-тан аса кәдесый, ағаш бұйымдары қойылды. Ағаштан небір мүсін, оюлап-өренектеп жиһаз жасайтын айтулы шебер «қобыз-діліміз, домбыра-тіліміз, шаңырақ-дініміз» деп осы үшеуін де қастерлеп мүсіндеген. Пахриддин Шәмшідінұлы кемел шағында, алдағы уақытта халқын өрісті өнерімен қуанта берері сөзсіз. Халқымыздың көне дәуірден келе жатқан дәстүрлі қолданбалы өнері – мүйіз, тері, ағаш өндеп іске жарату кәсібімен айналысады. Шебердің өнегелі өнері кемелдене келе халықтың сұраныстарына орай ағаштан үй жиһаздарын жасайтын болды. Өнері кәсіпкерлікке айналды.
Пахриддин Шәмшідінұлы 1967 жылы Жаңақорған ауданы Манап Көкенов атындағы ауылда дүниеге келген. 1974 жылы №160 Талап орта мектебінің табалдырығын аттап, 1982 жылы мектепті бітірді. Мектеп бітіргеннен кейін аудан орталығындағы №17 кәсіптік училищеге түседі. 1990 жылдардан бастап түрлі деңгейдегі байқауларға қатысып келеді.
Көрме, ақпан айының 20-на дейін келушілерге қызмет көрсетеді. С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясы көрмеге қызығушылар үшін 10 күн қызмет көрсетуге дайын.
Мақала Жақсы жазылған. Қазіргі таңдағы өзекті мәселі Қолөнерден өнеркәсіпке. Қолөнершілерді қолдап ұлттық брендіміздің дамуына үлес қосайық. Пахриддин ағамыздың авторлық шығармашылық көрмесінің жасұрпаққа тәрбиелік тағылымы мол шара. Пахриддин ағамыздың жасұрпаққа береді мол шебер. Шығармашылықтың шыңына жете беріңіз Пахриддин аға!