Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалыда жылына 5000 тонна күріш өңдейтін зауыт іске қосылды

13.06.2024, 9:35 509

Кеше Қазалы ауданының әкімі Мейрамбек Шермағанбет жуық арада ғана іске қосылған «Жанкент Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің күріш ақтау зауытының жұмысымен танысты.

Әйтеке би кентіндегі «Жанкент Агро» күріш өңдеу зауыты наурыз айында іске қосылған болатын. Жоба құны 501 млн теңге, оның 155,2 млн. теңгесі «Аграрлық несие корпорациясы» АО тарапынан, 345,8 млн теңге – серіктестіктің өз қаражаты. Зауытта тұрақты жұмыспен 10 адам қамтылған, зауыт жылына 5000 тонна күріш өңдейді. Қазіргі таңда ақталғаш күріш елімізден бөлек Ресей, Украйна, Өзбекстан елдеріне экспортталуда.

«Жанкент Агро» серіктестігі 2021 жылы құрылған. Негізгі күріш, жоңышқа дақылдарын егумен айналысатын шаруашылық биыл 292 гектар жерге күріш дақылын егіп, суға бастырды. Жалпы шаруашылықта 35 адам жұмыспен қамтылаған. Бұл жөнінде аудан әкіміне серіктестік директоры Әнуар Абыханов айтып берді.

Аудан басшысы «Жанкент Агро» ЖШС-нің жұмысына оң баға беріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: