Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалыда қайтарымсыз грантқа қол жеткізгендер көп

30.12.2020, 10:30 517

HALYQLINE.KZ Елімізде қолынан іс келетін азаматтарға кәсіп ашып, өз жұмысын бастауға арналған түрлі бағдарламалар бар. Соның ішінде нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының тиімділігі өте жоғары.

Бағдарламаның екінші бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша 2020 жылы жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант (стартап) алуға 513 млн теңге қаржы қаралды.

Бұл қаржы аудандағы 925 тұрғынға беріліп, кәсіптерін ашуға септігін тигізді. Өз кезегінде олар берілген қаржыға қажетті еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтар мен төрт түлікті сатып алды.

Қайтарымсыз грантқа қол жеткізгендердің бірі – Шәкен ауылында тұратын ІІІ топ мүгедегі Жарқынай Әлімбетова. Ол 555 600 теңгеге тігін шеберханасына қажетті құрал-жабдықтарды сатып алған.

Айта кетейік, грант алған азаматтардың 248-і – жастар, 490-ы – көпбалалы отбасы мүшелері, 9-ы мүмкіндігі шектеулі жандар болса, 178-і – басқа санаттағы жұмыссыздар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: