Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қармақшылық кәсіпкерлердің 90 жобасына несие, 112 жобасына грант берілді

26.07.2023, 9:00 210

HALYQLINE.KZ Қармақшы ауданында тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны биылғы 1 шілдеде 4 470 бірлікті құраған. Бұл өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 13,4 пайызға артық. Оның ішінде жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 4 150 бірлікті құрап, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 17 пайызға өсті.

Жыл басынан бері мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 90 жоба 740,5 млн.теңгеге несиелендірілсе, 112 жобаға 115 млн.теңге грант берілді.Жыл соңына дейін кәсіпкерлік саласындағы жобаларды мемлекеттік бағдарламалар арқылы қаржыландыру былтырғыдан да артады деп күтілуде.Қазір «Ауыл АМАНАТЫ» бағдарламасы шеңберінде несиелендіру үшін барлық елді мекендерден ниет білдірген азаматтардың 1672,1 млрд. теңгені құрайтын 258 жобасының құжаттары дайындалуда. Бұдан бөлек, 9 ауыл шаруашылығы кооперативін ашып, 212 млн. теңгеге қаржыландыру жоспарланған.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан экономикасын әртараптандырда шикізаттық емес секторды дамыту, ішкі нарықты отандық тауарлармен толтырумен қатар импорт алмастыру мәселесі қолға алынды. Ол үшін индустрияландыру бағдарламасының аясында жүзеге асырылған ірі жобаның бірі Ақтөбе ауылындағы «Қармақшы құс» ЖШС құс фабрикасы биыл іске қосылады деп күтілуде.

Сонымен қатар, Жосалы кентіндегі «АНК-Дәулет» ЖШС-ның газоблоктар өндіретін шағын зауытының құрылысы басталды. Жобаның жалпы құны 200 млн теңге. Жоба Өңірлік инвестициялық орталығы арқылы 60 млн теңгеге несиелендірілді.

Бұдан бөлек, сауда саласын дамыту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін аудан орталығындағы ескі сауда базарының орнына жергілікті кәсіпкердің бастамасымен заманауи үлгідегі сауда орталығының құрылысы басталды. Жоба құны – 150 млн теңге. Бүгінгі күні жобаны жүзеге асыру үшін Өңірлік инвестиция орталығынан 50 млн. теңге несие берілді.

Жосалы кентіндегі ескі қонақ үйді қайта жаңғыртудан өткізу үшін 30 млн теңге несие беріліп, қазір жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Ал, ІІІ Интернационал ауылдық округінен жеке кәсіпкер Г.Рагибованың мал бордақылау алаңы және сою цехының құрылысын салу жоспарлануда. Жобаны іске асыруға қажетті 2 га жер телімі берілді. Мал бордақылау алаңы 100 бас жылқы, 100 бас ірі қара және 200 бас қой бордақылауға арналған. Алдағы уақытта ет өңдеу цехы ашылмақ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: