Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қармақшыда 3 мыңнан астам кәсіпкерлік нысан жұмыс істеп тұр

04.02.2026, 12:20 68

Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек кәсіпкерлік саласының дамуы туралы сөз етті.

– 2026 жылдың 1 қаңтарына аудан бойынша 3 211 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Оның ішінде белсенді жұмыс істеп тұрғаны – 3 065. 2025 жылы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 60 жобаға 1 млрд теңгеге жуық қаржы бағытталды. Сонымен қатар әлеуметтік осал топтағы 118 азаматқа 185,6 млн теңге көлемінде қайтарымсыз грант берілді, – деді аудан басшысы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: