Қазіргі уақытта ауылдық жерлерде азын-аулақ малының басын көбейтіп, мемлекет берген мүмкіндікті тиімді пайдаланғанның қатары артқан. Солардың бірі – Тереңөзек кентінің тұрғыны, көпбалалы әке Руслан Арынов.
Талапты жігіт жылқы бордақылау мақсатында 2025 жылы «Бизнес Бастау» жобасынан кәсіпкерлікке қатысты курстан өтіп, сертификатын қолына алады. — Сөйтіп «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдау ұлттық жобасы» аясында мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, отбасымызбен келісе отырып біз өз кәсібімізді аштық, — дейді Руслан.
Ұтқан грант қаражатына 4 бас тай жылқы малын сатып алып, есігінің алдында шағын жылқы шаруашылығымен айналысуды бастап кеткен.
«Мал баққанға бітеді» деген аталы сөзді өмірлік ұстанымға айналдырған кәсіпкер отбасын жұмыспен қамтып отыр. Болашақта мал басын әлі де көбейтіп, жаңа жұмыс орнын ашуды да жоспарлауда.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!