Жалағаш ауданы М.Шәменов ауылының тұрғыны Пұсырмановтар отбасы ерте көктемнен еңбек етіп, бүгінде адал істің жемісін көріп отыр.
Алғашында өз ұлының шағын көшет отырғызатын орыннан басталған іс, қазір отбасын ұйыстырған кәсіп түріне айналған.
Аудан әкімі баспасөз қызметінің мәліметінеше, аядай ауладағы ауқымды бастаманы тәуекел етіп бастаған бұл шаңырақ, өз өнімдерін қолжетімді бағада ауылдағы дүкен сөрелеріне шығарып отырады. Сондай-ақ, қызанақ және қияр көшеттерін аудан тұрғындары мен көрші аудандарға сатылымға шығаруда.
Тіршіліктің тиімді тетіктерін тапқан отбасы, жылыжай шаңырақтың ортақ ісі мен бас біріктіретін берекелі мекеніне айналды дейді.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес баға тұрақтылығын сақтауда, тұрғындардың негізгі сұранысқа ие бау-бақша өнімдерін жергілікті жерден тұтынуда Пұсырмановтар отбасының жаңа бастамасы үлгі болары анық.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!