Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өңірлік кеңеске өтінім қабылдау мерзімі ұзарды

20.07.2020, 15:00 604

HALYQLINE.KZ Кәсіпкерлердің сұрауы бойынша, сонымен қатар Қазақстан Республикасында шектеу шаралары (карантин) мерзімдерінің 2020 жылдың 20 шілдесінен 2 тамызына дейін 2 аптаға ұзартылуына байланысты «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өңірлік кәсіпкерлер палаталары жанындағы Өңірлік кеңестерге сайлау мерзімдерін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Кандидатты тіркеу, құжат қабылдау 7-22 шілде аралығында өтеді, 25 шілдеден бастап 3 тамыз аралығында үгіт-насихат науқаны жүріп, 5-11 шілде аралығында онлайн дауыс беру өтеді.

Қазіргі таңда кандидаттардан 800-ге жуық өтінім қабылданды. Сайлауға қатысуға өтінімдердің басым бөлігі Батыс Қазақстан облысы (106 кандидат) және Шығыс Қазақстан облысы (92 өтінім) кәсіпкерлерінен түсті.

Кандидаттар өңірде тіркелген кәсіпкерлер қатарынан, сондай-ақ өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен өңірлік кәсіпкерлер палаталарында аккредиттеуден өткен қауымдастықтардың бірінші жетекшілері немесе қауымдастықтың орындаушы органының мүшелері арасынан сайланады.

Өңірлік кеңес мүшелігіне үміткер келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс:

• Қазақстан Республикасының азаматы болу;

• өңірдің әлеуметтік-қоғамдық өміріне белсенді қатысушы болу;

• кәсіпкерлер арасында пікір көшбасшыларының бірі болу;

• өңірде жария тұлға болу;

• кәсіпкерлер арасында және қоғамда оң беделге ие болу;

• бизнесінің тарихы оң болуы;

• әлеуметтік жауапты кәсіпкер болу;

• облыстық, қалалық мәслихаттардың депутаты болуы құпталады;

• сотталмаған – Заңмен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы.

Облыстық кеңеске сайлау қорытындысы бойынша сайлаушылардың 60%-ы облыс орталығынан кәсіпкерлік субъектілері және аккредиттелген қауымдастықтар (одақ), өзін-өзі реттейтін ұйымдар өкілдерінен, ал 40%-ы аудандардағы кәсіпкерлік субъектілерінен құралады. Толық ақпарат www.vote.atameken.kz сайтында жарияланған, сондай-ақ сайлау жайында ақпаратты 1432 колл-орталығынан немесе өңірлік кеңселерден алуға болады.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: