Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Келешегі кемел «КСМ KZ»

18.04.2025, 17:15 521

HALYQLINE.KZ

Қызылордада «КСМ KZ» темір-бетон шығаратын өндіріс орны 1969 жылы қызметін бастаған. Бүгінде өндіріс түгел заманауи құрылғылармен жабдықталған. 200-ден астам темір-бетон бұйымдарын шығаратын серіктестік өніміне сұраныс жоғары. Жалпы өндірілетін өнімдер қатарында көп өлімді жабын және таспалық фундамент тақталары, қабырға блоктары, темір-бетон маңдайшалар, дөңгелек темір-бетон шеңберлері бар.

Өңірдегі көпқабатты тұрғын үйлерде және көпір, гидротехникалық ғимараттар құрылысында осы өндірістің қолтаңбасы бар.

— Зауыттың материалдық-техникалық базасы да жыл өткен сайын жаңарып, бәсекеге қабілеті артып келеді. Құрылғылардың басым бөлігі Ресейден келді. Жұмысшылардың 30 пайызын құрайтын қыз-келіншектер — технолог, инженерлік-техникалық құрам, кранның барлығын жетік меңгерген. Жұмыстары өте тиянақты. Ерлермен тең дәрежеде иық тірестіріп, еңбек етуде. Нәзік жандыларымыз нәтижелі жұмыстар атқаруда. Біздің өнімдерге Ақтау мен Атыраудан сұраныс көп түседі. Сондай-ақ қаладағы құрылысы қызған жұмыс орындарын да қамтып отырмыз. Сұраныс түссе, біздігі қызметкер еңбек етуге әзір, — деді Аманбай Жұмабеков.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: