Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Халық игілігіне қызмет ететін кәсіпкерлер аз емес

28.07.2022, 11:30 551

HALYQLINE.KZ Аймақта мемлекеттің көмегімен жеке кәсібін ашып, халық игілігіне қызмет етіп жүрген кәсіпкерлер аз емес. Бірі түрлі бағдарламалар арқылы несие алып алғашқы кәсіпорындарын ашса, енді бірі жобаларын кеңейту мақсатында төмендетілген несие алып техникалық базасын жақсартып жатыр. Сондай түрлі кәсіптің тізгінін ұстаған жалағаштық кәсіпкерлер де жұмысын дөңгелетіп отыр.

 «Абилканов» ЖК-нің жетекшісі Нұрлыбек Әбілқанов 2016 жылы «Микробизнес Қызылорда» бағдарламасы аясында жиһаз құрастыру цехының құрылыс-монтаж жұмыстарына және алғашқы өңдеу құралдарын сатып алу үшін «Қызылорда» ӨИО» МҚҰ ЖШС арқылы 2,6 млн теңге несие алып, кәсібін алғаш бастаған болатын. 2021 жылы аталған жобаны кеңейту мақсатында «Қызылорда» ӨИО» МҚҰ» ЖШС ақылы 5 млн теңге төмендетілген пайызбен несие алып, Алматы қаласынан ағаш ою құрылғысы мен вакуумды пресс аппараттарын сатып алған. Қазіргі таңда аудан тұрғындарының қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында талмай еңбек етуде. Цех аясында 2 адам жұмыспен қамтылған.

Осындай кәсіпкердің бірі – Дәулетияр Тілемісов. Ол «Айзере» ЖК-нің жетекшісі. 2011 жылдан бері жеке қаражат есебінен пластикалық есік-терезе құрастырумен айналысып келеді.

«2021 жылы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы мен «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы арқылы 6 млн теңге жеңілдетілген несие алдым. Бүгінде сол кәсіпті  кеңейтіп жұмыс істеп жатырмын. Цехта 2 адамды жұмыспен қамтып отырмын. Мемлкеттен берілген бұл несие артық қаражаты жоқ біздер үшін үлкен көмек болды. Аудан халқына қызмет етіп, өзіміз де сол арқылы нәпақамызды тауып жүрміз», – деді Дәулетияр Тілемісов.

2020 жылы эковата өндіру цехына жеке қаражат есебінен 13 млн теңге және «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2 млн теңге грант қаражатын иеленген тағы бір жеке кәсіпкер Мұрат Әбілов. Ол – «Адима» ЖК-нің жетекшісі. Кәсіпкер мемлекеттен берілген қаржыға өндіріске қажетті құрал жабдықтарын сатып алып,  кәсібін алғаш бастаған.  2 адамды жұмыспен қамтыған цех аудан тұрғындарының қажеттілігін қамтамасыз етіп отыр.

«Еңбектенген адамға жұмыс табылады. Мемлекеттен берілген несие артық қаржысы жоқ тұрғындарға үлкен көмек. Өзім 2020 жылы Бұқарбай батыр ауылынан  шлакоблок  цехын ашуға «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2 млн теңге грант қаражатын иелендім. Оған цех жұмысына қажетті құрал жабдықтарын сатып алдым. 2021 жылы аталған жобаны кеңейту мақсатында «Қызылорда» ӨИО» МҚҰ» ЖШС арқылы 8 млн теңге төмендетілген пайызбен несие алып, дайын өнімін тасымалдауға қажетті техника сатып алдым. Қазіргі таңда 3 адамды жұмыспен қамтып, еңбек етіп жатырмыз», – дейді «Арман сом» ЖШС-нің жетекшісі Жұмабек Еділ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: