Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бал өндіру – берекелі кәсіп

22.08.2025, 9:00 518

HALYQLINE.KZ

Сырдария ауданында мемлекеттік қолдаудың арқасында жеке кәсіптерін ашып жатқан жандардың саны арта түсуде.

Бүгінгі кейіпкеріміз – осы ауданға қарасты Шаған ауылының тұрғыны Бағдат Байдосов. Ол 2025 жылы «Ауыл аманаты» жобасы арқылы жеңілдетілген несие алып, бүгінде бал өндіру ісін дамытып, кәсібін жүргізуде.

Бағдат омарташылықты осыдан 2 жыл бұрын 10 жәшік бал арасын алып кәсібін жаңадан бастаған. Бал ара шаруашылығын кеңейту мақсатында «Ауыл аманаты» жобасына қатысу үшін «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына өтініш берген. Кәсіп иесі несиеге алған қаражатына шаруашылыққа қажетті құрал-саймандар, бал араларын сатып алғанын жеткізді.

Адал еңбегімен шаруашылығын өрге дөңгелеткен кәсіпкер мамыр айынан бастап қоңыр күзге дейін шеңгелден, миядан өнім алу үшін бал араларының ұясын алып, табиғат аясына кетеміз дейді.

Қазіргі уақытта омартада 35 жәшік ара жұмыс істеуде. Табиғи өнімге сұраныс өте көп. Кәсіпкер жылына 1,2 тонна өнім өндіріп, оны ауыл мен аудан тұрғындарына жеткізеді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: