Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудан әкімі сабын шығаратын цехта болды

19.09.2022, 17:45 379

HALYQLINE.KZ

Бүгін Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев жақында ғана сабын шығара бастаған цехтың жұмысымен танысты.

Жаңа кәсіптің түрін қолға алған жеке кәсіпкер Руслан Бөлекбаев сабын шығару процестерін кезең-кезеңімен айтып беріп, цехтағы құрал-жабдықтарды көрсетті.

– Қазіргі таңда күніне майлылығы әртүрлі 2,5 мың дана сабын шығарып жатырмын. Жергілікті өнімге сұраныс жоғары. Қазалы ауданымен қатар, көршілес Байқоңыр қаласынан да тапсырыстар түсіп жатыр. Бағасы да тұрғындар үшін қолжетімді. Салмағы 200 грамм болатын майлылығы 65 пайыз сабынды 120 теңгеден сатып жатырмын. Ал майлылығы мен салмағы жоғарылаған сайын өзіндік құны да қымбатырақ болады, – деді жеке кәсіпкер.

Қазалының жаңа брендін қалыптастыруды қолға алған кәсіпкер алдағы уақытта әжетхана қағазын шығаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы аудан басшысына да айтып берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: