HALYQLINE.KZ Кәсіпкерлік саласын қаржылай қолдауға әртүрлі көздерден 19,9 млрд теңге қаралып, жыл басынан бері 357 жобаға қаржылай қолдау көрсетілді.
– Өңірімізде өңдеу саласын дамытуда шағын және орта бизнес субъектілерінің белсенді жұмыстары маңызды. Бұл ретте кәсіпкерлік саласын дамытуға биыл өңірде барлық көздерден 19,9 млрд теңге қаражат бағытталуда, – деді аймақ басшысы облыстық мәслихаттың кезекті 17-ші сессиясында.
«Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығына 1,2 млрд теңге бөлініп, нәтижесінде 64 жоба 360,7 млн теңгеге қаржыландырылды.
«Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде 5,2 млрд теңге бөлініп, жыл басынан бері несие портфелі 6,4 млрд теңгені құрайтын 171 жоба субсидияланып, 122 жобаға кепілдік берілді.
Мұнан басқа, Аграрлық несие корпорациясымен биыл 9 млрд теңге қаралып, бүгінгі күні 4,5 млрд теңгеге 138 жоба қаржыландырылды.
Мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде, облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 5,3%-ға, ал жұмыс істеп тұрғандарының саны 7,9%-ға ұлғайды. 2022 жылы шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесін 20%-ға жеткізу көзделуде.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!