Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кәсіпкерлер шағын индустриялық аймақ жұмысына көмек сұрап отыр

19.04.2022, 11:20 577

HALYQLINE.KZ  Қызылордада жеңіл өнеркәсіппен айналысатын «Ас-кА» ЖШС директоры Дина Махатова шағын индустриялық аймақтарға қатысты мәселені көтеріп жүрген кәсіпкер.

Арнайы жұмысшы киімдерін тігумен айналысатын ол өңірде шағын индустриялық аймақтардың жұмысын жандандыру қажет деп санайды.

«Облыста осындай 6 аймақ құрылып, жұмыс істеп жатыр. Дегенмен бұл өндірістік аймақтардың жобалармен қамтылуы төмен. Есесіне жергілікті кәсіпкерлер тарапынан бос өндірістік ғимараттарда немесе ангарларларда орналасқан шағын индустриялық аймақтарға сұраныс бар», – дейді кәсіпкер.

Дина Махатова тігін, жиһаз, тамақ және құрылыс материалдары өндірісімен айналысатын жергілікті кәсіпкерлер жеткілікті тәжірибе жинақтады деп санайды және осы саладағы кәсіпкерлерді кластерлік негізде топтастырып, бос орын-жайлармен қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

«Мұндай шағын индустриялық аймақтар Өзбекстанды айтпағанда, еліміздің бірқатар қалаларында ашылған. Үлгі ретінде Алматы қаласын айтуға болады. Онда бұл жоба табысты жүзеге асырылуда. Кәсіпкерлерге арзан жалдау бағасымен өндірістік орындар беріледі, коммуналдық мәселелері шешілген, санитарлық қадағалау органдарымен проблема жоқ. Орынжайды сатып алғысы келетіндерге арзан әрі 2 пайызбен жеңілдетілген несие береді», – деді Дина Махатова.

Кәсіпкер Дина Махатова Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі ретінде бұл мәселені облыс әкімінің орынбасарымен өткен кездесуде де көтеріп, салалық басқарма басшыларымен өзге өңірлердің тәжірибесімен бірге танысуға дайын екендігін жеткізді.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: