Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кәсіпкерлер палатасы жаңадан 3 қызмет түрін ұсынады

28.07.2020, 9:40 536

HALYQLINE.KZ Қазір карантин кезеңінде Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы мамандары кәсіпкерлерге, кәсіпкер боламын деген азаматтарға онлайн да офлайн да қызметтер көрсетуде. Көрсетілетін қызметтер қандай жағдайда болмасын тоқтатылған жоқ. Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Гаухар Елеусінова айтты.

Нәтижесінде 6 айдың қорытындысымен 407 кәсіпкерлік субъектісіне Палатадағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарындағы кеңесшілермен 423 сервистік қызмет көрсетілген.

«Бұл дегеніміз – бухгалтерлік және салықтық, статистикалық есептіліктері тапсырып берілді, құқықтық кеңестер берілді, 184 бизнес-жоспар әзірленді. Осы жылы Палатада кеңесшілері жаңадан 3 қызмет түрі бойынша қызмет көрсетуде. Олар: мемлекеттік сатып алулар, жер қойнауын пайдаланушылар мен ұлттық компания сатып алуларына қатысты кеңес, қызмет беру, отандық тауарөндірушілердің өнімдерін өткізуге жәрдемдесу, электронды-цифрлық қызметтер, яғни Палата қабырғасына келген кәсіпкер Халыққа қызмет көрсету орталығына барып уақыт жоғалтпай-ақ қызметтерді Палатада ала алады», – дейді Гаухар Елеусінова.

Кәсіпкерлер Паплатаның сервистік қызметтерін офлайн да, әрі services.atameken.kz порталы арқылы онлайн да ала алады. Біліктілігін көтеру курстарына қатысты да қызметтер осылай көрсетілуде.

Мәселен, «Бизнес-мектеп» компоненті бойынша 6 айда 125 қызылордалық біліктілігін жетілдірген. Олардың 47-сі оқуды онлайн аяқтаған.

Сонымен бірге, Палатадағы, сондай-ақ Палатаның аудандық филиалдарындағы кеңесшілер кәсіпкерлерге, кәсіпкер болуға ниетті азаматтарға кеңес беру қызметтерін де үздіксіз жүргізуде. Жыл басынан бері 2081 азаматқа кеңесшілермен 4027 кеңес берілген.

«Дүниежүзілік пандемияға орай Кәсіпкерлер палатасымен көрсетілетін «Аға сеньорлар», «Іскерлік байланыстар» құралдарында биыл өзгерістер бар. «Аға сеньорлар» бойынша кәсіпкерлер шетелдік сарапшылардан онлайн тегін қызмет ала алады, ал отандық сарапшыларды офлайн шақырта алады. Ал «Іскерлік байланыстар» құралы бойынша біліктіліктерін онфлайн жетілдіріп, тәжірибе алмасуға, жағдай тұрақталса 2021 жылы Германияға бара алады. Бұл қызметтерімізге де өтініш беру қазір жүргізілуде. Кәсіпкерлер біздің мамандарымызға хабарласып, өтінімдерін бере алады», – дейді Палата маманы.

Айта кету керек, «Бастау» жобасы да биыл қызметін онлайн бастады. Облыс бойынша «Бастау» бойынша 2150 азаматты оқыту көзделіп отыр. Алғашқы лек бойынша 741 азамат онлайн оқып, 384 қатысушы оқуды аяқтағандығы және 328 қатысушы оқуға қастысқаны жөнінде сертификатқа қол жеткізе алды. Қазір екінші легте 812 адам оқытылып жатыр.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: